• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Ауа райы 29 Желтоқсан, 2021

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

221 рет
көрсетілді

Қазгидромет 30 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда облысының орталығында тұман сақталады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының батысында,таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 18 м/с күтіледі. Атырау облысының солтүстігінде және орталығында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады