• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Желтоқсан, 2021

Алматыдағы сауда орталығынан өрт шықты

206 рет
көрсетілді

Өрт туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық ТЖД ақпаратына сәйкес, жағдай бақылауда. Өрт сөндірілді.

«Жаңа Ялян» сауда үйінде екі контейнер өртенді, ал үшінші контейнер жоғары температура салдарынан зақымдалды», деп түсіндірді Алматы ТЖД.

Оттың одан әрі таралуын болдырмау үшін көрші контейнерлер ашылып, тауарлар сыртқа шығарылды.

Жалын шамамен 21 минутта оқшауланып, 17:16-да толығымен жойылды.