• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 29 Желтоқсан, 2021

Президент адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Заңға қол қойды

334 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұдан басқа, Президент келесі Заңдарға қол қойды:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексіне) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы».