• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 30 Желтоқсан, 2021

Өңірдің өңі – «жасыл»

385 рет
көрсетілді

Соңғы деректерге қарағанда індет біршама тоқырап, жағдай тұрақталған тәрізді. Әлеуметтік-экономикалық саладағы шектеу шаралары жеті күннен кейін жұмсартылмақ.

Облыс «жасыл аймаққа» өтке­ніне қарамастан дерттен демігіп тұрған кейбір аудандар «қызыл аймақтың» сана­тында. Нақтырақ айтсақ, 19 ауданның сегізі «қызыл аймақтың» құр­сауында.

– Жыл басынан бері облыс­та 50 мыңға жуық тұрғын коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болып отыр. Оның 43 544-і ересек адамдар болса, қал­ғандары 14 жасқа дейінгі балалар, – дейді облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина, – індет жұқтырған адамдардың басым көпшілігі құлан-таза жазылып шықты. 888 науқас ем қабылдауда.

Өңірдегі ахуал туралы сараптама жасағанда, соңғы екі аптада індет жұқтырушылардың саны біршама көбейгенін айта кету керек. Қазір облыс ауруханаларында 300-ден астам нау­қас ем қабылдап жатыр. Ең өкі­ніштісі, 36 тұрғын жан сақтау бөлімінде, үшеуінің жағдайы өте ауыр. Сөз арасында індетке ілінгендердің барлығы екпе салдырмағаны белгілі болып отыр. Осы орайда, «сақтансаң сау қаласың» деген сөзді тағы бір қайталай отырып, екпе салу­дың қаншалықты қажет екенін екпін түсіре айта кетелік.

Жаңа оқу жылы басталғалы 1 мыңнан астам оқушы індет жұқтырған. 31 білім ошағының 47 сыныбы карантинге жабылып, қашықтан оқыту жүйесіне көшірілген.

Ағымдағы жылдың 20 қара­шасынан бастап жаппай ревакциналау қолға алынды. Иммундық жүйені нығайту, індет­тен сақтану үшін 9 706 адам қайтадан екпе алған.

Тиімділігі белгілі болған Ashyq қанатқақты жобасы­на облыс нысандарының 5 мың­ға жуығы енгізілді. Оның бар­лығына ресми түрде QR-кодтар берілген. Осы қосымша арқылы «сары» және «қызыл» статусы бар 2 мыңнан астам адам ка­ран­­тин талабын сақтамағаны анық­талған.

Тәртіпті сақтап тартын­сақ, «қызыл аймақтан» да құтылудың реті келетіндігін көз көріп отыр. Бәрі де өзімізге байланысты.

 

Ақмола облысы