• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Желтоқсан, 2021

Жағдай тұрақтала бастады

122 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысы екі ай бойы «қызыл аймақта» болып, соңғы екі аптада «сары аймаққа» өткен еді. Сонда да жағдай толық түзеле қойған жоқ. Өткен тәулікте 74 адамның бойынан жұқпалы індет табылды. Ал індет шыққаннан бері облыс көлемінде барлығы 34 474 адам науқастанды.

Облыстың санитарлық-эпи­де­миологиялық бақылау де­пар­­таментінің деректеріне қара­ған­да, қазір ахуал бұрынғыға қарағанда біршама қалыпты жағдайға түсіп келеді. Індеттің таралуын мамандар екі аптаның өзгерісімен бағалайды. 9 және 22 желтоқсан аралығында КВИ 922 адамның бойынан табыл­ды. Бұл – 22 қараша мен 8 желтоқ­сан аралығындағы екі аптаға қарағанда 24 пайызға аз, яғни 1 253-тен 922-ге төмен­деген. Әри­не, арқаны кеңге салатын көр­сеткіш емес, бірақ бұ­рын­ғыға қарағанда төмен­деу. Соңғы тәулікте облыс ор­та­лы­ғында – 45, Мағжан Жұма­­баев ауданында – 6, Қы­зыл­­­жар мен Есіл аудандарында 5-тен сыр­қат анық­талды. Бас­қа аудан­дардан да жұқ­тыру тір­келді.

Өңір «сары аймаққа» өт­кеннен бері шектеу шаралары азайды. Вакцина салғызу бойынша насихаттау шара­лары жүргізілуде. Кешеге де­йін вакцинаның ал­ғашқы ком­понентін 268 583 адам салғыз­ған, ал толық салғыз­ғандар саны – 251 819. Pfizer вакцина­сын салдырғандар саны да көбейіп ке­леді, барлығы 5 692 адамға егілді, соның ішінде 4 420 жас­өспірім, 1 127 бала емізетін аналар бар.

Мониторингтік топтар өз қызметтерін қауырт жүргізуде. Желтоқсан айы басталғаннан бері олар 127 рейд жүргізді. 23 топтан тұратын олар 643 ны­санды қамтып, карантиндік шек­теулерді бұзған 15 адамды әкімшілік жауапкершілік­ке тартып, 1 079 290 теңгенің айып­пұлын салды. Соны­мен қатар Ashyq жобасының талабын бұзған 158 заңды тұл­ға анықталып, оларға 6,5 млн тең­генің айыппұлы салынды. Солтүстік Қазақстандағы жа­ман індеттің көбеюіне жол бере­тіндер – шекараның ар жағы­нан келгендер. 2020 жылдың қазан және 2021 жылдың жел­тоқсан аралығында Ресей Феде­рациясымен арадағы шекара бекет­терінен 300 мыңнан артық адам Қазақстанға өткен. Соның ішінде 5 866 адамның ПТР-тестен өткені туралы анықтамалары болмаған. Олардың бәрі каран­тиндік стационарларға жатқы­зылған. 316 адамның бойынан індет табылып, олардың 41-і стационарға жатқызылып, 275-і абулаториялық емделуге жіберілген. Ал 1 694 шетелдік азамат Қазақстан аумағына өткі­зіл­мей кері қайтарылған.

 

Солтүстік Қазақстан облысы