• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Желтоқсан, 2021

Саакашвилиді ауруханадан түрмеге ауыстырды

182 рет
көрсетілді

Украина Жоғарғы Радасының депутаты және саясаткер Елизавета Яско Грузияның экс-президенті Руставиде тағы да қамауға алынғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оның қандай күйде екенін ешкім білмейді. Оны руставидегі түрмеге отырғызды. Басқа ақпарат жоқ», деді Елизавета Яско.

lenta.ru ақпаратына сәйкес, Яско Саакашвилидің Грузия ауруханасында ауыр халде болғанын айтты. Саясаткердің айтуынша, экс-президенттің неврологиялық аурулары бар, бірақ оған қажетті медициналық көмек көрсетілмеген.

Еске сала кетсек, Саакашвили 1 қазанда  Грузияға заңсыз кіргеннен кейін ұсталды. Саясаткер бірнеше жыл бұрын банкир Сандро Гиргвлианиді өлтіру ісінде оған сырттай шығарылған үкім бойынша түрмеге қамалды. Түрмеде Саакашвили аштық жариялап, ақырында Гори әскери ауруханасына түскен.