• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда минералды тыңайтқыш зауыты салынады

612 рет
көрсетілді

Қазақстанда минералды тыңайтқыш өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр, деп жазды Egemen.kz.

Онда жыл сайын бір миллион тоннадан астам өнім шығарылады және кемінде 1200 жұмыс орны ашылады. Жобаны Қазақстан мен Ресей бірлесіп жүзеге асырады. Сенаторлар бүгін зауытты іске қосу мақсатында тиісті келісімді ратификациялады.

«Бүгін қаралған Келісім заман талаптарына сай химиялық кешен салуды және оны пайдалануға беруді көздейді. Зауыт өнімдері еліміздің экономикасын дамытуға өз үлесін қосады деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Құжаттың шарттары бойынша ресейлік компания жобаға бір миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде инвестиция салып, құрылысты 2024 жылы аяқтауға тиіс. Келісімде жобалау компаниясына бірқатар салықтық жеңілдіктер жасалады. Атап айтқанда, корпоративтік табыс салығынан және тауарлар импортына қосылған құн салығынан босату көзделіп отыр. Құжатта сондай-ақ қазақстандық мамандарды міндетті түрде кәсіпорынға жұмысқа орналастыру туралы талап жазылған. Бұл жобада кемінде 80 пайызы отандық кадрлар жұмыс істейді.