• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 30 Желтоқсан, 2021

Орман шаруашылығы саласы кадрға зәру - Сенатор

1200 рет
көрсетілді

Сенатор Ақылбек Күрішбаев өзінің депутаттық сауалында орман шаруашылығы саласындағы бірқатар проблемаларды қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатор жаңа жыл қарсаңында ағаштарды заңсыз кесу мәселесі ерекше өзекті болып отырғанын айтты. Оның айтуынша, жазаның қатаңдауына қарамастан, Экология министрлігінің деректері бойынша, жыл басынан бері заңсыз 224 ағаш кесу жағдайы анықталған.

Ақылбек Күрішбаевтың пікірінше, орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі, заманауи селекциялық орталықтар мен орман тұқымы кешендерінің жетіспеушілігі, сондай-ақ өртпен күресу жөніндегі заманауи ақпарат жүйесінің жоқтығы қалыптасқан жағдайдың өршуіне алып келді.

«Бүгінде бұл саладағы ең қиын мәселе - кадрлармен қамтамасыз ету. Егер 30 миллион гектарға жуық аумақта орман қорын бақылауды тек 147 инспектор жүзеге асырса, орман ресурстарының сақталуы туралы не айтуға болады? Олардың санын бұрынғыдай кемінде екі есе көбейту ұсынылады. Қазіргі уақытта олардың техникамен қамтамасыз етілуі нормативтің 60%-нан аспайды. Орманшылардың орташа жалақысы небәрі 70 мың теңгені құрайды. Жалпы, орман шаруашылығы Қазақстандағы ең төменгі жалақы алатын сала болып табылады», деді депутат.