• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Желтоқсан, 2021

Түркістанда алаяқ әйел 4 жылға сотталды

237 рет
көрсетілді

Түркістан облысында алаяқтық жасаған әйелге қатысты сот үкімі шықты. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кентау қалалық Полиция департаментіне жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Оның айтуынша, танысы Кентау қаласынан пәтер алып берем деп 2 миллион теңге ақша алған. Бірақ ол айтқан уәдесін орындамаған, алған ақшасын да қайтармаған.

Полиция қызметкерлері бұл жайтты ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Кентау қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні ұстады.

Ведомство мәліметінше, ұсталған азаматтың бұдан басқа сегіз оқиғаға қатысы бар екені анықталған. Іс құжаттары заңды шешім қабылдау үшін Кентау қалалық сотына жолданған. Нәтижесінде оған қатысты сот үкімі шықты.

«ҚР ҚК-нің 190-бабында көзделген заң талаптарын өрескел бұзған күдіктіге қатысты Кентау қалалық соты төрт жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады», деп мәлімдеді ведомство өкілі.