• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Тағайындау 30 Желтоқсан, 2021

«Тұран» ФК-ға жаңа спорт директоры тағайындалды

392 рет
көрсетілді

«Тұран» ФК Фархадбек Ирисметовпен келісімшартқа отырды, деп хабарлады Egemen.kz.

Осылайша «Тұран» ФК-ның спорт директоры болып Фархадбек Ирисметов тағайындалды.

Рrosports.kz порталы 40 жастағы маманның өткен маусымда «Тұран» футбол клубының бапкерлер штабында қызмет еткенін жазған.

Фархадбек Ирисметов Қазақстанның 9 клубында өнер көрсеткен. Үш дүркін ел чемпионы (2002, 2003, 2010) атанып, екі мәрте ел Кубогы (2007, 2011) мен Суперкубокта (2012) жеңіске жеткен.