• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Ауа райы 30 Желтоқсан, 2021

Алты өңірде дауылды ескерту жарияланды

238 рет
көрсетілді

Еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысының оңтүстік-батысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, түнде ауа температурасы 21-26 градусқа дейін төмендейді, облыстың солтүстік-шығысында 33 градус аяз болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Орал қаласын түнде және таңертең тұман басады.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыс орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде және орталығында тұман.

Түркістан облысының батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман болады.