• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Желтоқсан, 2021

Көкшетауда тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты

525 рет
көрсетілді

Көкшетау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. 4 отбасыға арналған барак үйдегі пәтерлердің бірін жалын шарпыған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құтқарушылар өртенген пәтердің ішінен түтінге уланған ес-түссіз ер адамды тауып алған. Өрт сөндірушілер дереу реанимациялық әрекеттер жасап, ер адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

«Өрт 10:35-те ауыздықталып, 10-55-те  толығымен сөндірілді. Сөндіруге ТЖД-ның 23 қызметкері мен 4 техника шықты. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Ақмола ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді. Өртті сөндіргеннен гөрі алдын алу оңай екенін ұмытпаңыз! Өрт шыққан жағдайда дереу құтқару қызметінің 101 немесе 112 телефондарына қоңырау шалыңыз», делінген ведомство хабарламасында.