• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Желтоқсан, 2021

Қайтарымсыз гранттың көмегі

460 рет
көрсетілді

Тәуелсіздіктің жемісін кәсіпкерлер көре бастады. Өйткені оларға мемлекет тарапынан кәсібін кеңейтуге қолдау көрсетіліп отыр. Бұл кәсіпкерлерді жаңа жұмыс орындарын ашуға ынталандырғаны даусыз.

Сондай кәсіпкердің бірі – «Алтын» жеке кәсіпкерлігінің директоры Алтынбек Дүйсембиев. Индер ауданында тұратын жас кәсіпкер биыл сабын шығаратын шағын цех ашты.

Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішінде елімізде оң өзгерістер болып, толым­ды жетістіктерге қол жетті. Отан­дық экономиканың әр сала­сы қарқынды даму жолына түсті. Оның ішінде шағын және орта бизнес те бар. Осы саланы өркен­де­туге үлесімді қосуға бел байла­дым. Сөйтіп, Тәуелсіздіктің 30 жыл­дық мерейтойына тарту еткім кел­ді, – дейді А.Дүйсембиев.

Оның айтуынша, кір сабын шығару үшін біраз ізденуіне тура келіпті. Шағын цехқа қажетті арнайы құрылғыларды орнатқан. Ал жақында 4 млн 700 мың теңге кө­ле­мінде қайтарымсыз грант ал­ды.

– Кір сабын қоспасының басым бөлігі – кәдімгі күнбағыс пен малдың іш майы. Ауылдағы фастфуд дайындайтын дүңгір­шек­терден қайнатылған күнбағыс майын жинаймыз. Оны арнайы ыдыста қайтадан қайнатып, үлкен қазанға құямыз. Қазандағы майға қажетті қоспаларды қосып, әбден ара­ластырамыз. Қоймалжың қос­па әбден нығыздалып, арнайы пі­шінге келтіретін құрылғыға ауыс­тырылады. Кәдімгі кір сабын осы­лай дайындалады, – дейді ол.

Енді жас кәсіпкер қайтарымсыз грант қаржысына тағы да жаңа құ­рыл­ғылар алуды көздеп отыр.

 

Атырау облысы