Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. Деректерге зер салсақ «сары» аймақта тек бір ғана қала қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Соңғы мәліметтерге қарасақ, Солтүстік Қазақстан облысы «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткен болса, «сары» аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы қалған. Қалған өңірлер түгелдей «жасыл» аймақта.