• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Футбол 31 Желтоқсан, 2021

Роналду Сульшердің көрсеткішін жаңартты

309 рет
көрсетілді

Ұлыбританиялық «Манчестер Юнайтед» футбол клубының шабуылшысы, бес дүркін «Алтын доп» сыйлығының иегері Криштиану Роналду «Бернлиге» қарсы өткен ойында команданың бұрынғы сұрмергені Уле-Гуннар Сульшердің көрсеткішін жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бернли» қақпасынан саңылау тапқан португалиялық футболшы ағылшын премьер-лигасындағы тоқсан екенші голын соқты. «Манчестер Юнайтед» жейдесін киген кезінде Сульшер 91 мәрте мергендігімен көзге түскен болатын. Осылайша тамыз айында «Манчестер Юнайтедке» қайта оралған Роналду жаңа бір биікті бағындырды.