• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Желтоқсан, 2021

Жапонияда тағы бір штамм пайда болды

305 рет
көрсетілді

Жапонияда «омикрон» штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелгеннен кейін бір ай өте, бейсенбі күні жергілікті билік есептеріне негізделіп жасалған жаңа статистика жарияланды. Соңғы деректерге сәйкес, Жапонияның 47 префектурасының 22-сінде коронавирустың жаңа штамы анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, Жапонияда «омикрон» штамын жұқтырған науқастар саны 500-ге жетті. Жаңа жылдық мерекелер кезінде инфекция жұқтыру жағдайлары өршіп кетуі мүмкін. «Омикрон» жұқтыру жағдайларының басым бөлігі карантин кезінде тіркелген.

Сонымен қатар бұл штамм Токио мен Осакуды қосқанда, қалалық аудандар тұрғындарының арасында да таралған. Жапония Премьер-Министрі Фумио Кисида халықты коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында қосымша шаралар қабылдауға шақырды.