Ауыр салмақтағы UFC чемпионы Фрэнсис Нганну «жаңа толқындағы ең үздік боксшы кім?» деген сауалға қатысты өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.
«Менің ойымша әлемнің шын мәніндегі үздік боксшысы – Тайсон Фьюри. Ол өз дәуірінің ең мықтысы екені даусыз. Тайсон өзінің көшбасшы екенін Деонтей Уайлдер секілді соққысы сойқан боксшыға қарсы үш мәрте шаршы алаңға шығып дәлелдеді. Сондықтан Тайсон Фьюриді бокс әлемінің үздігі деп айтуға толық негіз бар», деді ол.