Үндістанның Джамму және Кашмир аймағындағы ғибадатханада болған кептеліс салдарынан кем дегенде 12 адам қаза тапты, тағы 13 адам зардап шекті. Бұл туралы сенбі күні ANI ақпарат агенттігі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үндістанның қорғаныс министрі Раджнатха Сингха түсіндіргендей, қайғылы оқиға түнде Вайшно-деви үңгір храмында орын алған. Дұға етуге келгендер арасында жанжал шығып, оның салдарынан кептеліс туындаған.
Агенттіктің хабарлауынша, Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың отбасына 200 мың рупий (2,7 мың доллар), зардап шеккендерге 50 мың рупий (670 доллар) көлемінде өтемақы берілетінін айтты.