Қазақстанның бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Елена Рыбакинаның Аделаида WTA 500 турниріндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аустралия ашық чемпионаты қарсаңындағы бұл турнир 3-9 қаңтар аралығында өтеді.
Е.Рыбакина алғашқы айналымда жарысқа арнайы шақырту алған, ол дүниежүзілік рейтингте 132-сатыда тұрған аустралиялық Сторм Сандерспен кездеседі.
Бірінші кезеңде сондай-ақ өткен жылғы Индиан-Уэллс турнирінің финалистері, испаниялық Паула Бадоса мен Беларусь өкілі Виктория Азаренко шеберлік байқасады. Әлемнің бірінші және екінші ракеткалары, аустралиялық Эшли Барти мен белоруссиялық Арина Соболенко турнирді екінші айналымнан бастайды.