• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Қаңтар, 2022

Қазақстанда мүгедек адамдарға арналған қанша медициналық орталық бар?

675 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов ҚР Үкіметінің арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында қабылдап жатқан шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Халықты әлеуметтік қорғау саласында бірінші және екінші топтағы, 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедек адамдарға, психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға стационар, жартылай стационар және үйде күтім көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі ұсынылады. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық және құқықтық қызметтерді қамтиды», деп жазды Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.

Бүгінде елімізде стационарлық үлгідегі 113 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді, онда 23 мыңнан астам адам, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар қызмет алады.

Сондай-ақ, 9 мыңнан астам адамды қамти отырып, 115 күндізгі стационар бөлімшесі, 54 мыңнан астам адамды қамтитын 482 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі, 8 мыңнан астам адамға арналған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 164 ҮЕҰ, МЖӘ шеңберінде 1,4 мың адамға қызмет көрсететін 7 жеке ұйым жұмыс істейді.

«Аталған мекемелердің жұмысы мүгедек адамдарды оңалтуға және әлеуметтендіруге бағытталған. Халықты жұмыспен қамту бойынша іс-шаралар аясында мүгедектігі бар адамдарға ерекше көңіл бөлінеді», деп түйіндеді Премьер-Министрдің орынбасары.