• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Қаңтар, 2022

Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күресуге дайын екенін мәлімдеді

268 рет
көрсетілді

Жәнібек Әлімханұлы америкалық Деметриус Андрадемен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді. Бірақ Андраденің жекпе-жекке келісетіні әлі белгісіз, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін Бүкіләлемдік бокс ұйымы Деметриус Андрадені Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жекте чемпиондық белдікті қорғауға міндеттеген болатын.

Американдықтың таңдауы бар - белдікті босату немесе титулды міндетті қорғауға келісу.

Андраденің промоутері Эдди Хирн оның шәкірті қазақстандықпен боксқа бармайтынын хабарлады. Ол Деметриус белдікті босатып, супер орта дивизионға көтерілуге мәжбүр болады деген пікір білдірді.

2 қаңтар күні Жәнібек Әлімханұлы Instagram парақшасында қысқа мәлімдеме жасады: «біз дайынбыз!».