3 қаңтарға қараған түні Қарағандыдағы караоке-клубта атыс болды. Клубқа келушілер мен мекеме күзеті арасындағы қақтығыс салдарынан 23 жастағы ер адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Жанжал клубқа келушілер мен «Janym Soul» караоке клубы күзеті арасында болды. 23 жастағы қала тұрғыны медициналық мекемеге «жамбас жарақаты» диагнозымен жатқызылды. Аталған факті бойынша «адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.