• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Теннис 03 Қаңтар, 2022

Рыбакина турнирді сәтті бастады

211 рет
көрсетілді

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида 500 WTA турнирін көңіл көншітерлік нәтижемен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айтулы аламанда жетінші нөмірмен сынға түсіп жатқан қазақстандық теннисші австралиялық Сторм Сандерске қарсы кортқа шықты. Кездесудің бірінші сетінде отандасымыз қарсыласынан 6:4 есебімен айласын асырғанымен, екінші кезеңде Сторм Сандерс 6:1 есебімен басым түсті. Шешуші сетте қазақстандық теннисші 6:1 есебімен қарсыласын ойсырата жеңіп, келесі кезеңге өтті.