Ботсвана Президенті Мокветси Масиси коронавирус жұқтырып алды. Ол өз-өзін уақытша оқшаулап ұстамақ. Енді оның міндетін вице-президент уақытша атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Президент әкімшілігі Ботсвана Республикасының президенті доктор Мокветси Эрик Кибетсве Масиси өзінің резиденциясында міндетті түрде оқшауланғанын хабарлағысы келеді. Бұл қажеттілік COVID-19 тестінің оң нәтижесінен туындады», делінген Үкіметтің парақшасында жарияланған құжатта.
Мәлімдемеге сәйкес, 59 жастағы президенттен дерттің ешқандай белгілері байқалмаған. Бірақ ол дәрігерлердің бақылауында болуды жөн деп тапқан.