Қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-Министр құрған үкіметтік комиссия өңірге келіп, өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтіп, оған Президент әкімшілігінің, Энергетика министрлігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты.
Комиссия барлық тараптарды қанағаттандыратын өзара қолайлы шешім қабылдау үшін өзекті мәселелерді жан-жақты және жүйелі түрде қарайды.
Еске сала кетсек, Президент кеше Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырған еді.