• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 04 Қаңтар, 2022

Мемлекет басшысы ертең еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді

359 рет
көрсетілді

5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ертең, 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерінің, Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің және басқа да жауапты органдар өкілдерінің қатысумен еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді», делінген хабарламада.