• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2014

Мәдениеттілік – міндетіміз

691 рет
көрсетілді

Мәдениет! Осы сөзді күнделікті өмірімізге байланыстырып қолдансақ, мәдениетті, мәдениеттілік, мәдениетіміз деген кең ұғымдарға еніп кетеміз. Елбасы соңғы Жолдауында елімізде осы мәдениетті дамытуға да жаңаша серпін берді. Сол үшін де Үкіметке мәдени саясаттың ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Өркениеті озық 30 елдің арасынан орын алу үшін мәдениетіміз де соған сай болу керек екендігіне Елба­сы баршамыздың назарымыз­ды аударды. Себебі, адам баласының атам заманнан бері талпынғаны сол мәдениеттің шын мағынасындағы дәрежесіне жету. Мәдениетті болу, оның белгілі сатысына табан тіреп, ілгері өрмелей беру заманымыздың және өмірдің алдымызға қоятын негізгі талабы. Адамның мәдениетті болуы қай кезде де маңызын жоғалтқан емес және жоғалтпайды да. Соңғы кездерде көпшіліктің ойына жиі оралып жүрген, ара­мыздағы өсіп келе жатқан кей­бір жастардың бойындағы бір­шама келеңсіз көріністер – құқық­бұзушылық, әртүрлі қатыгезділік, әдепсіздік. Әдепсіздік дегенде, әсіресе, қыз балалардың бойындағы төсін ашып, кіндігін бақырайтып, санын жарқыратып, ашықтан-ашық қымсынбай, қоғамдық жерлерде ерекше көзге түсуі. Бұл көріністер біздің дәстүрімізде әдепсіздік екендігі атап көрсетіліп, қоғамда, бұ­қаралық ақпарат құралдарын­да сын-ескертпе айтылып, тал­қыланып жатыр. Келешекте осы іс-шаралар нәти­жесін де берер деген ойдамын. Дегенмен, бұл жерде жастардың жас ерекшелігін ескеріп, біршама кешірімділікпен де қарайтынымыз жасырын емес. Солай деп бұл көріністі жастардың арасында атқарылатын іс-шаралардың еншісіне қалдырайық. Ал енді осындай әдепсіздік көрі­ністері өнер саласында қызмет етіп жүрген қыз-келіншектердің бойы­нан да кездесетіндігіне не жо­рық. Нақтылай айтсам, соңғы кез­дері киелі сахнаның төрін­де, те­ле­дидар экрандарында жар­қы­ра­­тып ашық қалдырып, көрер­мен­дер­дің көз алдына тосып, қары­нын, бел­дерін ашып қойып би би­­леп, ән шыр­қайтын әншілердің саны күн­нен-күнге көбейіп келеді. Сахна­да тұрып, өздерінің осындай кө­рініс­терін ыңғайсыз деп сана­май­­­тындығына жаның ашиды. Бұл қан­­дай әдептілікке, қандай мә­­де­­ниеттілікке жатады деп ойға қала­сың. Бұның бір себебін елік­­теушіліктен іздеп табуға болады. Біз­дің бір кемшілігіміз, елік­теуге жақын тұрамыз ғой. Осылай көрінісімен ән салып, би билеп, өнер саласында жүргендер, арнайы оқу орындарында дәріс алып сахнаға шыққандар біздің қазақтың атын дүние жүзіндегі сахналарда паш етіп, өнер көрсеткендердің, бұл күндері арамызда жоқ, халық­­­­тың құрметіне бөленген Күләш Байсейітова, Жамал Омарова, Рахия Қойшыбаева, Роза Бағланова сияқты өнер тұлғаларының, қазіргі кезде көзі тірі, арамызда биік сах­наларда өз әндерімен халыққа қыз­мет етіп жүрген, халықтың құр­метіне бөленген Бибігүл Төле­генова, Роза Рымбаева, Мақ­пал Жүнісова, Тамара Асар, Қара­қат Әбілдина сияқты өнер саңлақ­та­рының өмір жолынан өнеге алма­ғандары ма деген ой келді. Қорытып айтқанда, өнер деген құбылыс – мәдениеттің бір саласы. Өнер адамдарының, әсіресе, қыз-келіншектердің, алдымен, әдепті, мәдениетті болуларын алдына мақсат етіп қойғандары абзал шығар! Батырхан ӨМІРЗАҚОВ, отставкадағы милиция полковнигі, Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері. ШЫМКЕНТ.
Соңғы жаңалықтар