• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 05 Қаңтар, 2022

Президент еліміздегі жағдайға байланысты арнайы мәлімдеме жасады

737 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Құрметті отандастар! Қадірлі ағайын!

Баршаңызға тағы да айтарым. Іштен және сырттан болған сан түрлі жалған ақпараттарға сеніп, ереуілге салынған топтың құтырқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын.

Бұл өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды! Бірақ бізге өзара сенім және өзара диалог керек. Ал жастарға айтарым, жарқын болашақтарыңа​ балта шаппаңыздар. Жақындарыңыз бен туған-туысқандарыңыздың жағдайын ойлаңыздар! Жалпы барлық заң аясындағы өтініштер мен талаптар ескеріледі. Тиісті шешімдер қабылданады. Ертең осы мәселелер бойынша арнайы жиналыс өтеді. Мен баршаңыздың парасаттылықтарыңызға сенемін. Сіздердің амандықтарыңыз бен тұтас еліміздің қазіргі әлемдегі жағдайы осыған байланысты.