• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 05 Қаңтар, 2022

Қазақстанда 1,6 млн-нан астам жалдамалы жұмыскердің ақшалай кірістері өседі

171 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) 41% - ға, 42 500-ден 60 000 теңгеге дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ-дан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті. Осының арқасында түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін жалақысы 60 мың теңгеге дейінгі 1 млн 650 мың жалдамалы жұмыскердің ақшалай кірістері өседі», делінген Еңбек министрлігі мәліметінде.

Бірінші кезекте ЕТЖ көтерілуі «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ЕТЖ еңбек саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарт болып саналады және тиісті қаржы жылына «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен жыл сайын белгіленеді.