ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы генерал-майор Е. Сағымбаев терроризмге қарсы Республикалық жедел штабының отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР Президентінің келісімімен ҰҚК Төрағасы – Республикалық жедел штаб басшысының бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында террористік қауіптің «шекті қызыл» деңгейі енгізілді.
Елдің барлық өңірінде антитеррорлық операция режимі орнатылды. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жеке тұлғалар мен ел арасындағы террористік қауіпті жоюды және жағдайды тұрақтандыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруда.