• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қаңтар, 2022

Елдегі жағдайға байланысты Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады

93 рет
көрсетілді

2022 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен терроризм актісін жасау, жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру және қатысу фактілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Мемлекет басшысының орын алған оқиғалардың себебін толық және объективті тергеуін, барлық кінәлілерді анықтау және олардың Заңда көзделген жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау аясында Бас прокуратурамен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

Топтың құрамына арнайы прокурордың жетекшілігімен ІІМ, ҰҚК және басқа да құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлері қосылды.

Қазіргі таңда қылмыс іздері жинақталып, бекітілуде.

Осыған орай, азаматтардан видеокамераларға және ұялы телефондарға жазылып алынған құқық бұзушылықтарды сақтап қоюды сұраймыз.

Басқа да ақпараттар болған жағдайда, біздің 115 нөмірлі Call-центірге хабарласуды сұраймыз.