Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Засьтің ақпаратына сәйкес, әскердің жалпы саны 2 500 адамды құрайды. Олардың барлығы Алматыға келді. Әскерилер ҰҚШҰ-ның барлық елдерінен, атап айтқанда, Ресей, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан және Беларусьтан жетті», деді ол.