• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қаңтар, 2022

Алматыда қақтығыс кезінде телеарна қызметкері көз жұмды

294 рет
көрсетілді

Алматыда лаңкестердің бұзақылық әрекетінен ауыр жарақат алған қалалық телеарнаның қызметкері қайтыс болды, деп Egemen.kz.

«Almaty» телерадиокомпаниясы» АҚ ұжымы компания қызметкері Базарбаев Мұратхан Абдаұлының кәсіби қызметін атқару кезінде, өкінішке қарай лаңкестердің бұзақылық әрекетінен ауыр жарақат алып, қайтыс болғанын растады.

«Мезгілсіз дүниеден өткен әріптесіміз Мұратқан Абдаұлының отбасына, жақындарына қайғыра отырып, көңіл айтамыз. Оның өз кәсіби қызметіне деген адал да батыл позициясы, ақжарқын бейнесі мәңгі есімізде қалады», деді телеарна ұжымы.