• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қаңтар, 2022

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

1064 рет
көрсетілді

Қазақ елі мемлекеттілігін қалпына келтіргеніне 30 жылдығын атап өтіп, жаңа белеске бет алған сәтте Тәуелсіздігімізге сызат түсіру мақсатымен, белгілі мүддені көдеген әлдебір күштер террорлық әрекетпен азаматтарымызға қастандық  жасап, отандастарымыздың дүние-мүлкіне нұқсан келтіріп, елді ойрандап, мемлекеттік әкімшілік ғимараттарға шабуыл жаса, Елдігімізге қауіп төндірген сәтті бастан кешудеміз.

Елімізде орын алған жәйт хақымыздың жаңаша тарихындағы тауы шағылып, табаны тайғанаған сәт ретінде орын алары баршамызға аян.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың сақынқанды, салмақты басшылығымен тиісінше шұғыл кадрлық  өзгерістер енгізуі, дер кезінде жағдайды толық бақылауды қолға алуы бірден оң нәтижесін бергеніне баршамыз куәміз, сондай-ақ, мемлекет Басшысының  халыққа бірнеше мәрте үндеу айтуы да азаматтарымыздың  үрейге бой алдырмауына және  адамдарға қауіпсіздігінің қамтамасыз етілетініне сенім ұялатты.

Алайда, еліміздегі ахуалды реттеуге, террористік күштерге қарсы күрес барысында ерлігімен жан кешкен асыл азаматтар да, өкінішке орай, бар. Әрине, Тәуелсіздігіміз таразыға түскен сәтте ерлікпен көз жұмған асыл азаматтардың есімдері Отан тарихынан орын алары сөзсіз!

7 қаңтар күні мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа кезекті үндеуін жолдады. Атап өтерлік жәйт, барша қазақстандықтарадың аталған үндеуді бір деммен тыңдап  шыққаны күмәнсіз деп ойлаймын. Елдегі жағдай біршама реттеліп, конституциялық тәртіп жүйеленуде, десек те террористік топтардың әлі де бірлі жарым қарсылық таныту, мемлекеттік жәнге жеке меншікке нұқсан келтіру әрекеттері жалғасуда.

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың тікелей басшылығымен қалыпты бейбіт өмірге оралатынымызға, мемлекеттік басқару ісіндегі орын алған ахуал тиісті бағасын алып, тиісінше шешім қабылданатынына, азаматтық қоғам институттары да орын алған саяси оқиғадан сабақ алып,  қорытынды шығаратынын да, мемлекеттілігімізге сызат  түсіруге бұдан былай жол бермеу үшін әрбір азамат өзіндік түйін жасайтынын да баса айтуға болады.

Қазақ елінің саяси процесінде орын алған қауіпті еңсеру  үшін бір деммен қолдау көрсеткен  халқына Президент Қ.К.Тоқаевтың алғыс айтып, игілікті өмір сүруді  тілеуі – мемлекет Басшысы еліміздің саяси-экономикалық дамуына  айтулы өзгерістер енгізетінінің айғағы демекпіз.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, ағайын!

Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ

саясаттану кафедрасының меңгерушісі,

профессор Бағыш Габдулина