• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 08 Қаңтар, 2022

Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

325 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті еліміздегі конституциялық тәртіп пен заңдылықты қайта қалпына келтіруге көмектесу мақсатымен ҰҚШҰ біріккен бітімгерлік күштерін жіберу туралы мәселені шешуге қолдау көрсеткені үшін Ресей басшысына ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге еліміздегі ахуалдың тұрақталып келе жатқанын жеткізді. Сонымен қатар лаңкестік шабуылдардың ошағы әлі де сақталып отыр. Сондықтан терроризмге қарсы күрес тегеурінді түрде жалғаса беретінін айтты.

Мемлекет басшысы жақын күндері ҰҚШҰ саммитін онлайн форматта өткізуді ұсынды. Кездесу мерзімі дипломатиялық каналдар арқылы келісіледі.