• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қаңтар, 2022

Ата-баба аманатын жоғары ұстайық!

834 рет
көрсетілді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Үндеуінде елдегі жағдайға жан-жақты баға беріп, халықты бірлікке, сабыр сақтауға шақырды.

Қазақ халқы әлемдегі ең көне халықтардың бірі. Ол ғасырлар бойғы даму тарихында, қандай жағдайлар болса да жеңіске жетіп, әлем сахнасында өзінің зор абыройын сақтай білген халық.

Осы бір тарихи ауыр сәтте, әрқайсымыз барлық іс қимылымызды әлем жұртшылығы байқап-бағдарлап,оған баға беріп отырғанын терең түсініп, ата-баба аманатын жоғары ұстаған, қасиетті қазақ елінің ұрпағы екенімізді көрсете білейік!

Мен сіздерді осыған шақырамын!

Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ,академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры