• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 09 Қаңтар, 2022

Бизнеске 92 миллиардтан астам шығын келтірілген

167 рет
көрсетілді

Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздік кезінде еліміздегі бизнеске келтірілген шығын 92,3 млрд теңгеден асқаны мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге зер салсақ: «9 қаңтар, сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, сall-орталыққа 2320 қоңырау келіп түсті. Оның ішінде: тонау мәселелері бойынша – 1127, форс-мажор бойынша – 26, блок-бекеттер бойынша – 2, жеке тұлғалардың қоңыраулары бойынша – 1052 өтініш берілді. Еліміздің 10 өңірінде 1351 объектіде орналасқан 1181 бизнес нысаны зардап шеккен. Оның ішінде Алматыда – 1091 объектіде орналасқан 935 субъект бар», делінген.

Кәсіпкерлер палатасының ақпаратына көз жүгіртсек: сауда саласында – 1122; қоғамдық тамақтандыру саласында – 17; қаржы секторында – 31, логистика саласында – 8 нысан зардап шеккен.

 «Келтірілген шығынның жалпы сомасы 92,3 млрд теңгеден асты. Алматыдағы шығын 90,7 млрд теңге көлемінде», делінген хабарламада.