• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қаңтар, 2022

Таразда әкімдік ғимаратын өртегендер ұсталды

176 рет
көрсетілді

Жамбыл облысының орталығында антитеррорлық операция жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жедел штабтың мәліметінше, өткен күні облыс әкімдігін өртеуге және ғимаратты талқандауға қатысқан күдіктілер ұсталды. Олардан екі Калашников автоматы тәркіленген.

Жалпы облыс бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 153 адам ұсталып, 10 қарулы қылмыскердің көзі жойылған. Жамбыл облысы жедел штабының бұған дейінгі мәліметінше, 69 арандатушы ұсталды, бірқатар лаңкестік актінің алды алынған, 6 қарулы қылмыскер өлтірілді. Оқиға барысында сондай-ақ, құқық қорғау органдарының бес қызметкері жарақат алған, 100-ден астам қызметтік көлік бүлінді. Облыс орталығында 11 блок пост қойылды.