Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше 10 қаңтарда Алматыға ұшуы тиіс барлығы 193 рейс жоспарланған («Эйр Астана» және «Fly Arystan» - 134, «SCAT» – 37, «Qazaq Air» – 22), оның ішінде 2 рейс кешіктіріліп, 102 рейс тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
«2022 жылдың 10 қаңтарында барлығы 193 рейс жоспарланған («Эйр Астана» және «Fly Arystan» - 134, «SCAT» – 37, «Qazaq Air» – 22), оның ішінде 2 рейс кешіктіріліп, 102 рейс тоқтатылды. Рейстердің кешігуі мен тоқтатылуының негізгі себептері – Алматы қалаласының әуежайы жабылуы», делінген хабарламада.