Бүгін сағат 13:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекет басшысының Баспасөз хатшысы Берік Уәли таратқан хабарға сілтеме жасап.
«Жиын Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылды. Сессияның отырысы «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі», деп жазылған хабарламада.