• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қаңтар, 2022

ҰҚК террористерден босатылған қалаларды хабарлады

210 рет
көрсетілді

Республикалық жедел штаб терроризммен күрес жөніндегі жұмысына қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет өкілдері 2022 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы ахуал тұрақтанғанын және бақылауға алынғанын мәлімдеді.

«Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық және өңірлік жедел штабтар террористік қауіп-қатер ошақтарын залалсыздандырды. Алматы, Қызылорда, Талдықорған және Тараз қалаларындағы террористер басып алған барлық әкімшілік нысандар босатылды. Аса маңызды стратегиялық нысандар мен қару және оқ-дәрілер сақталатын орындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, комитеттегілердің мәліметінше, содырлар мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандардың жасырынуы мүмкін орындары бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық әрекеттің іздерін айқындау және жинақтау жүзеге асырылып жатыр.

«Барлық тұрғынды құқықтық тәртіп органдарына террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдарды анықтауда көмек көрсетуге және жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыруға шақырамыз», деді комитет өкілдері.