• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қаңтар, 2022

Шаруаларға керегі - тұрақтылық

318 рет
көрсетілді

Елдегі қалыптасқан жағдайға бей-жай қарай алмайтын жанашыр азаматтар қалалар да, аудандар мен ауылдарда да жаппай тәртіпсіздіктерге, тонаушылық пен ұрлық-қарлық сияқты келеңсіздіктерге жол бермеу үшін еріктілер жасақтарын құра бастады.

Біз мұны дұрыс бастама деп есептейміз және қолдаймыз. Шаруаларға, орта тапқа керегі - тұрақтылық. Тұрақтылық бар жерде игілік артады. Сондықтан «Шопан ата» мал өсірушілер қауымдастығы өзінің жергілікті филиалдары арқылы осындай жасақтар құрып, тәртіп сақшыларына қолдау көрсетуге кірісті.

Еліміздің Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқа (бұл өңірлерде филиалдарымыз жоқ) 12 облысында осындай еріктілер тобын құруға шешім қабылданып, 400-ге тарта адам жұмылдырылып жатыр. Олар елге басу айтып, жағдайды түсіндірумен қатар, өз елді мекендерінде тәртіпсіздіктерге, тонау, дүние-мүлікті бүлдіру сияқты келеңсіз әрекеттердің жолын кесу ісіне атсалысатын болады.

 

Алмасбек САДЫРБАЕВ,

«Шопан ата» мал өсірушілер қауымдастығының төрағасы