• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 11 Қаңтар, 2022

Билік өкілдерінің жалақысын өсіруге 5 жылдық мораторий жарияланды

340 рет
көрсетілді

Президент Үкімет мүшелерінің, әкімдер мен депутаттардың жалақысын көтеруге 5 жылдық мораторий жарияланатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Үкімет пен депутаттар, әкімдердің еңбекақылары, шығыс туралы баптар мәселесі өткен жылдың соңында талқыланды. Менің ойымша, олардың жалақысы жеткілікті. Сондықтан олардың жалақысын көтеруге 5 жыл мораторий жариялауға болады деп санаймын. Мен бұл депутаттар үшін жақсы жаңалық емес екенін түсінемін, бірақ сіздер мұны түсінеді деп ойлаймын. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттегілерге жалақыны мүмкіндігінше көтеруді жалғастырамыз», деді Президент.