• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қаңтар, 2022

Ақтөбеде 83 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

218 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласында коменданттық сағат тәртібіне бағынғысы келмейтіндердің саны азаяр емес. Өткен түні 83 тұрғын тәртіпке бас игісі келмей, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Облыстағы жағдай полиция қызметкерлерінің толық бақылауында.

«Өткен түні коменданттық сағат тәртібін бұзғаны үшін полиция бөлімдеріне 115 азамат жеткізілді. Оның ішінде 83 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды (30-ы қамауға алынды, 9-ына айыппұл салынды, 20-ына ескерту берілді). Сонымен қатар қазіргі уақытта 3 адам қамауда отыр. Тағы 4 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылып, сотқа дейін тергеу жалғасып жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе қаласының және аудан орталықтарының шыға берісінде 10 блокбекет орнатылған. Онда полиция қызметкерлері мен әскерилер құжаттар мен көлік ішін тексереді. «10 қаңтар күні блок бекетте 40 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Ваз-2140» автокөлігі тоқтатылды. Жүргізушінің танысының қолында 12 калибрлі тегіс ұңғылы екі мылтық болған. Қару иесі әкімшілік жауапқа тартылды», деді Ерболат Сарқұлов