Түркияда қалып қойған мыңнан астам туристердің сегіз жүзі елге оралды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Бұған дейін шет мемлекеттерде жүрген барлық туристердің 14 қаңтарға дейін елге оралатыны туралы хабарланған болатын.
Түркиядағы Қазақстан елшілігінде және Ыстанбұлдағы бас консулдықта арнайы жедел штаб құрылған. Штаб мүшелері туристерді тегін тамақпен және уақытша қонақ үймен қамтамасыз етті.