• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қаңтар, 2022

Көлік бағасын арзандатады

1645 рет
көрсетілді

Президенттің утилизациялық төлемді алып тастау туралы тапсырмасы көпшіліктің көкейінде жүрген мәселе еді. Халық тарапынан «РОП операторы» компаниясына қатысты қоғамдық қозғалыстың да ұйымдастырылғаны рас. Демек, Мемлекет басшысы қоғамдағы мәселелерге ерекше маңыз беріп отыр.

Бұл инфляция деңгейіне де оң әсер етеді. Шетелден әке­­лін­ген көлік үшін утили­за­циялық төлем төлеу макроэко­номикалық тұрғыдан алғанда салық болып саналады. Сон­дық­тан оның нарықтағы көлік бағасына әсері жоғары. Ал оны алып тастаған соң көлік бағасы арзандайды. Осы күнге дейін аталған мәселемен жекеменшік компанияның айналысып келгені де көпшілікті көп ойға же­телеген еді. Президенттің бұл мәселені мемлекеттің қа­рауына алуды тапсыруы құп­тарлық қадам. Өйткені әлемдік тәжірибеде де солай.

Жалпы, Президенттің Мәжі­ліс отырысында жаса­ған баяндамасы ауқымы мен тереңдігі жағынан, экономикалық категорияларды және әлеуметтің не­гізгі топтарын қамту тұр­ғы­сынан ерекше баяндама болды. Себебі Президент халық арасындағы климатты жақсы сезінетінін, қоғам тарапынан айтылған бастамаларды ескерусіз қалдырмайтынын, ішкі және сыртқы тәуекелдер­ге үнемі назар аудараты­нын, өзекті экономикалық-әлеу­меттік мәселелерге бейжай қара­май­тындығын аңғартты. Пре­зи­денттің тапсырмалары нақты проблемалық нүктелерге бағытталғаны қуантты.

Мемлекет басшысы үш апта ішінде Үкіметтің 2022 жыл­ға арналған іс-қимыл бағ­дар­­ламасын әзірлеуді тапсыр­ды. Соңғы 10-15 жылда мем­ле­кеттік жоспарлау тәжі­­ри­бесі қолға алынғаны бел­гі­лі. Ол мемлекеттік және сала­лық бағдарламалар­ды, ұлт­тық холдингтердің бағ­­дар­ла­ма­ларын әзірлейді. Алай­да іс-қимыл бағдарлама­сы­ның жоқтығынан Үкімет жүзеге асыратын әлеуметтік-эко­но­микалық саясат үшін заң­намалық және консти­туциялық тұрғыдан ешқандай жауапкершілік арқалаған емес. Президент осы бір олқы тұсымызды біржола реттеп бергендей болды. Енді Үкімет жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық саясатына заң­намалық тұрғыдан жа­уап береді. Бұл өте маңызды. Мұн­дай бағдарламаның жобасын біздің институт да әзір­л­еген болатын. Егер жаңа Премьер-Министр тарапынан қызығушылық туындаса, біз өз жобамызбен бөлісуге әзірміз.

Мемлекеттік жоспарлауға Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жауапты. Президент баяндамасы аталған жүйеге айтарлықтай өзгеріс енгізіп отыр. Яғни жаңа жылға дейін мемлекеттік жоспарлау жүйесінде Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасы жоқ болатын. Ал осы жолы Мемлекет басшысы аталған бағдарламаны әзірлеу туралы нақты тапсырма берді. Демек, Президент мемлекеттік жоспарлау жүйесін түбегейлі өзгертуге қадам жасады. Үкі­метке жүзеге асыратын әлеу­меттік-экономикалық саясат үшін конституциялық тұр­ғы­дан жауапкершілік жүктелуі елдің дамуына серпін береді.

Президенттің экономи­ка­лық өсімнің негізгі пайдасын иеленіп отырған олигархия­лық топтар туралы тезисі де көпшіліктің көкейіндегі оймен дөп түсті. Шынында да, қалыптасқан олигополиялар еркін нарықтың дамуын айтарлықтай шектеді және елдің бәсекеге қабілеттілігін төмендетті. Бұл Үкіметтің осы күнге дейінгі экономикалық сая­­саты олигархиялық топтар­дың мүддесі үшін жұмыс істеді деген сөз. Президенттің осы бір модельді тоқтатуы, яғни эко­номикалық саясаттың арнасын басқа бағытқа бұруы үлкен нәтижелерге жол ашады.

 

Қайырбек АРЫСТАНБЕКОВ,

Экономикалық саясат институтының директоры,

Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі