• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Пікір 12 Қаңтар, 2022

Біздің күшіміз бірлікте

2154 рет
көрсетілді

Тәуелсіздігімізге, тұтастығымызға қатер төнгенде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сарабдал, парасатты ақыл, қайрат-жігерінің арқасында ата-бабамыздың аңсаған азаттық туын уысымыздан шығармай ұстап қалдық.

Ел басына іс түскен шақта біздің қуат-күшіміз мызғымас бірлікте екендігі айқын көрінді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінде ел өмірінде орын алып отырған жағдайды бүге-шігесіне дейін баяндай келіп, Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Әлихан Смайылов­тың кандидатурасын халық қалаулыларына ұсынып, ел болашағы­ның айқын бағыт-бағдарын нұсқап көрсе­тіп, сара жолымызды салмақпен саралап берді.

Мемлекет басшысы көтерген мәсе­­ле­­лер­дің барлығы – халықтың көкіре­гінде жүр­ген сауалдар. Алдағы уақытта бір­­лік пен бе­ре­кені молайтып еңбек етсек, қиын­­­дық атау­лының бәрінен қиналмай шы­­ғары­мыз сөзсіз. Халқымыздың ең асыл қасиет­терінің бірі әрі бірегейі арта берсін.

 

Құралай ЫДЫРЫСОВА,

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры

 

КӨКШЕТАУ