• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қаңтар, 2022

Бизнеске келтірілген шығын сомасы 103,7 млрд теңгеден асты

386 рет
көрсетілді

12 қаңтардағы жағдай бойынша, елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде бизнеске келтірілген шығын сомасы 103,7 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәлім етті.

«Байланыс орталығына 4 833 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1988, форс-мажор – 246, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 17, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 271, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1946» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы елдің 11 өңірінде 1615 бизнес субъекті зардап шеккенін, соның ішінде Алматы қаласында 1506 субъект бүлінгенін мәлімдейді.

«Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1482; қоғамдық тамақтану – 44; қаржы секторы – 61; логистика – 23; БАҚ – 5. Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 103,7 млрд теңгеден асты (Алматыда 102,2 млрд теңге)» делінген хабарламада.

Айта кетейік, мына өңірлерде кәсіпкерлік нысандар жапа шеккен:

1) Алматы қаласы

2) Алматы облысы

3) Шымкент қаласы

4) Жамбыл облысы

5) ШҚО

6) Қызылорда облысы

7) Атырау облысы

8) Қарағанды облысы

9) Павлодар облысы

10) Маңғыстау облысы (қосылған аймақ)

11) Ақтөбе облысы (қосылған аймақ)