«ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі қытай тіліндегі www.inform.kz порталының тұсаукесерін өткізді.
Жаңа порталдың тұсаукесер рәсімінде «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Дәурен Дияров пен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Лэ Юйчэн ақпарат кеңістігіндегі интернеттің өзіндік орнын атап өтті. Ал бейнежелі арқылы байланысқа шыққан Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Нұрлан Ермекбаев екі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын ақпараттандыруға бағытталған жаңа порталдың жұмысына сәттілік тіледі.
Л. Юйчэн айтқан дерекке жүгінсек, қазір Қытайда 600 млн.-ға жуық азамат интернет пайдаланады екен. Осыдан-ақ жаңадан ашылған порталдың маңызын аңғаруға болады. Бұл жаңа порталда атқарушы редактор Хамитбек Тұрысбек пен шеф-редактор Ризабек Нүсіпбекұлы қызмет істейді.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: Egemen.kz.
Фото: Автор.