• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 12 Қаңтар, 2022

Үкімет басшысы «LRT» жобасын пайдалану тәсілдерін әзірлеуді тапсырды

203 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «LRT» жобасын пайдалану тәсілдерін әзірлеуді елорда әкімдігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, бұдан былай «Ауыл – ел бесігі», «Бизнестің жол картасы» сияқты салалық бағдарламалар Батыс және Оңтүстік өңірлерде белсенді іске асырылмақ.

«Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен Батыс және Оңтүстік өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, «Ауыл – ел бесігі», «Бизнестің жол картасы» және басқа да салалық бағдарламалар аясында жекелеген бағыттарды әзірлеуі қажет.

Сондай-ақ елорда әкімдігі Индустрия министрлігімен бірлесіп, «ЛРТ» жобасын пайдалану тәсілдері бойынша нақты ұсыныстар енгізсін», деді Әлихан Смайылов.